КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті жыл сайын грант негізінде қаржыландыру үшін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларға конкурс жариялап тұрады. Елімізде ғылымға бөлінетін қаржы дамыған елдермен салыстырғанда аз болғанымен, қасымыздағы Өзбекстан мен Қырғызстанға қарағанда тәуба...

Қаржыландырылатын жобаларды іріктеу де біршама жақсы жолға қойылған:

1.   Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін тәуелсіз Сараптама орталығы

өтінімнің Конкурс құжаттамасына сәйкестігін тексереді.

2.   Сараптама орталығы ақпараттық жүйе арқылы Конкурс құжаттамасына сәйкес келмейтін өтінімді тексеру қағазына сәйкес ескертулерді көрсетіп, қайта өңдеуге жібереді.

3.   Түзетілген өтінімдер алынған кезде, Сараптама орталығы тексеру қағазына сәйкес бұрын көрсетілген ескертулердің жойылғанын тексереді.

4.   Сараптама орталығы Конкурс құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтін өтінімді байқаудан алып тастайды.

5.   Сараптама орталығы техникалық тексеруден өткен жобаларды үш жасырын сарапшыға береді.

6.   Сараптама орталығы технологиялық, экономикалық, маркетингтік және

мазмұндық сараптамадан өтіп, тиісті ұпай жинаған жобаларды тізімдеп, ұлттық ғылыми кеңеске жолдайды. 

7.   Ұлттық ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес, Сараптама орталығы мен

Ғылым комитеті конкурс жеңімпаздарының тізімін жариялап, жобаны қаржыландырудың келісімшартын жасайды.

        Алайда адам факторын неғұрлым болдырмадық десек те ұйымдастыруда олқылық байқалады. Бірінші, ұлттық ғылыми кеңестің құрамы «Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер» бағыты бойынша жиырма бес маманнан құралған. Мәселен, тіл білімі бойынша ұсынылған жобаға философия, экономика, филология (тіл және әдебиеттанушы), педагогика (кез-келген саланың педагогикасы), тарих, социология (әлеуметтанушы), саясаттанушы, құқықтанушы, дінтанушы – бәрі бірдей тең құқықта дауыс беріп, пәтуә шығара алады. ҰҒК-де отырған жиырма бес маманның кез-келгені төрағасынан тапсырма түссе, өзінің мамандығына түк қатысы жоқ жобаны мәселен, философ маман лингвистиканы сараптап, бағалап береді. 

Бағалау мына үш талап бойынша жүргізіледі:

1.   Жобаның өзектілігі, ғылыми деңгейі мен жаңалығы.

2.   Жобаны іске асырудың негізділігі мен орындалу мүмкіндігі (әдіснама,

жұмыс жоспары, зерттеу тобының әлеуеті, ресурстар).

3.   Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы мен әсері (ғылыми, практикалық,

әлеуметтік-экономикалық әсері).

Бағалау талаптарына гәп жоқ. Мәселе, сол саланың (пәннің) маманы

емес бола тұра, өзі білмейтін саладан ұсынылған жобаға төрелік айтуында, қалған жиырма төрт маманның сараптамашы айтқандай бағалай салуында болып тұр.

Мәселен 2025 жылы бізден ҰҒК-ге жоғарыда аталған талаптардың барлығынан өтіп, АР26104191 «Бастауыш мектепте функционалды-сауаттылық қалыптастыратын пәндерді анықтап, жалпыға міндетті стандарты мен үлгілік оқу бағдарламасын әзірлеу» деген жоба барды: ҰҒК-ның кеңесінің отырысын бүкіл Қазақстан онлайн қарап отыра алады. Аталған жобаны сол кездегі кеңес төрағасы Айдос Мұқатаев қараған екен. Жоба атауының өзі-ақ оның өзектілігі мен ауқымдылығын, бүгінгі өмірімізге қажеттілігін айтып тұр. Алайда оның жоба туралы айтқан сараптамасы мынау: “Бірінші критерий бойынша жоба бастауыш білім беру саласына бағытталған. Бірақ ғылыми-техникалық әлеуетке әсер ететін нақты әдістемелік, технологиялық шешімдер ұсынбайды. Кадрлық әлеуетке әсер ету дәрежесі жалпылама сипатта. Бәсекеге қабілетті әсері туралы айтылғанмен, ғылыми ұйымдар мен олардың арттыру жолдары немесе индификаторлар көрсетілмеген. Ғылыми жаңалық ретінде ұсынылып отырған идея - пәндерді қайта бөлу (Әліппе, Ана тілі, Қазақ тілі) жаңалық емес, мазмұндық құрылымды қайта ұсыну ғана. Оның үстіне зерттеу міндеттерінің басым бөлігі жалпылама сипатқа ие. Сондықтан да сарапшы орташадан төмен деп бағалайды.

Екінші критерий:

Жоба мазмұны декларативті сипатта. Көптеген міндеттер қойылғанымен, оларды қалай жүзеге асатыны нақты әдіснамамен расталмаған. Зерттеу әдістерін оқу әдістерімен шатастыру кездеседі. Мысалы: саралап оқыту, үлгілік оқу бағдарламасын әзірлеу т.б. Ғылыми жетекшінің жарияланымдары бар, бірақ тақырып бойынша халықаралық ғылыми мойындауға, тиісті скопус базасында нақты нәтижелер жеткіліксіз, әрі тақырыпқа сәйкес келмейді. Біраз мақалалар базадан шығып қалған. Журналдарда жарияланған зерттеу  тобы мүшелерінің ғылыми бағыттары, еңбектері зерттеу тақырыбына сәйкес емес. Сондықтан сарапшы төмен деп бағалаған.

Үшінші критерий:

Практикалық қолдану аясы күмән тудырады. Себебі жалпыға міндетті білім стандарттарын өзгерту сияқты шешім қабылдау құзырынан тыс ұсыныстар енгізілген. Және олар қалай жүзеге асырылатыны көрсетілмеген. Жобада сипатталған баламалы оқу бағдарламалары, оқулық үлгілері білім беру мазмұнына нормативті өзгерістерді талап ететін ұзақ мерзімді әрі күрделі процесс. Бұл оны жоба аясында іске асыруды күмәнді етеді. Сол себепті сарапшы үшінгі критерий бойынша орташадан төмен деп бағалаған”.

Сонымен қойған бағасы: 1) орташадан төмен; 2) төмен; 3) орташадан төмен, 5,31 балл. Тәуелсіздік алғанымызбен, әлі күнге кеңес кезіндегі жүйемен оқып келе жатырмыз. Бастауыш мектепте функционалдық сауаттылық қалыптастыратын пәндер әлі анықталмады. Ақымет Байтұрсынұлы өткен ғасырдың басында-ақ бастауышта қандай пәндер оқытылатындығын белгілеп берген еді: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрафия, шаруа-кәсіп, жаратылыстану жайы. Қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш болуға керегін де айтып кеткен.

Бастауыш мектепте үйрететін білім жұрттың бәріне тегіс керек білім ғой. Адамға тіл, құлақ , қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйрететін білім де дәл солай керек. Біздің бүгін көп айтып жүрген функционалдық сауаттылық дегенімізді Ақаң баяғыда айтып тастаған екен: «Бастауыш мектепте оқығандар писарь, инженер, агроном болар демей, ең алдымен қазақша толық хат білетін дәрежеде болуын көздеу керек» дейді ұлттың ұстазы.

Біздің бастауыштағы оқу жүйесі Ақаңнан кейін бұзылған. Жетпіс жыл Кеңес жолымен оқыдық, Тәуелсіздік ұлт ұстазының жолын қайтара алмады. Сол жолды қайта табуымыз керек деп осы жобаны ұсынып едік. Сарапшымыз оны түсінбепті. Мұнда біз бастауышта оқытылатын пәндердің санын, ретін анықтап береміз, жалпыға міндетті стандарты мен үлгілік оқу бағдарламасының ғылыми-әдістемелік жағынан негізделген нұсқасын әзірлеп береміз деген міндет алып тұрмыз. Бұл гранттық жобаның емес, БНҚ-ның (ПЦФ-нің) міндеті. Тақырып өте өзекті, нәтижесі де өте ауқымды. Зерттеу тобының бұл мәселеге тікелей қатысы бар. Осы мәселенің тарихынан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеп жүрген, майын ішкен мамандар. Яғни, әлеуеті жеткілікті. Бірақ жобамыз базалық білімі тарихшы, педагогикадан: «Развитие профильной дифференциации в инновационных школах Казахстана на основе дополнительных образовательных программ» деген шектеулі тақырыптың маманы Мұқатаев Айдос Ағдарбекұлы деген мырза мәселенің ұлттық мәнін қайдан ұқсын.

Бұл бір мысал ғана. Яғни, Ұлттық ғылыми кеңес мүшелерінің жұмысын жетілдіру керек. Алтынсарин атындағы Білім академиясы отыз жыл бойы жетілдіріп жатқан Бастауыштағы білім жүйесін үш-ақ жылда жалпыға ортақ білім стандарты мен үлгілік оқу бағдарламасын әзірлеп беретін едік. Алды да батыраштанып, жолын қиды да тастады. Бұдан ғылым ұтылды, білім жүйесі ұтылды.

Ғылыми жобаларды іріктеуде Конкурс өтінімдері жасырын сарапшыларға (үш сарапшыға) ұсынылып, ортақ ұпай шығарылады. Жасырын сарапшыларды таңдауда маманның ҒЖБССҚЕК және Scopus мақалаларының белгілі бір саны бар болуы міндетті. Бұл секілді жалаң көрсеткіші барларды іріктеп аларшы ретінде қою дұрыс емес. Мәселенің мәнін, тақырыптың өзегін түсінетін ғалым жобаны тақырыбына қарап-ақ бағалай алады. Сарапшыны таңдауда ҒЖБССҚЕК немесе Scopus базаларындағы жарияланымдардың санына ғана басымдық беру ғылыми сараптаманың сапасын әрдайым қамтамасыз ете бермейді. Өйткені библиометриялық көрсеткіштер зерттеушінің жалпы ғылыми белсенділігін көрсеткенімен, оның нақты зерттеу тақырыбы бойынша құзыреттілігін толық айқындай алмайды. Яғни ғылыми жобалар ҰҒК-тегі мамандар мен жасырын сарапшылардың құзіреттерінің төмендігінен әрі бір пәнге басқа бір пәннің маманының баға беруі және сол бағаның шешуші болуы. Бұл дұрыс емес. Филологияға қатысты еңбектердің өзі тіл мен әдебиет бағытына бөлінеді. Басқасын былай қойғанда, бір лингвистиканың ішіндегі тілдің дыбыстық жүйесін зерттеген маман сөйлем жүйесіне қатысты дәл пәтуа шығара алмайды. Ал тарих маманы тілге қатысты жобаны қалай бағалайды? Дәл сол сияқты тілші маман да тарихқа қатысты жобаға төрелік ете алмайды.

Келесі бір келеңсіздік – ресми орындардың жобаның нәтижесіне қойылатын талаптарының формалділігі:

2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға зерттеу нәтижесінде Social Science Citation Index индекстелетін және Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге және (немесе) СiteScore бойынша Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу жариялануы керек деп талап қойылса, ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу жариялануы керек делінген. Бұған көндік. Ал 2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға:

-      Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе

2 (екінші) кіретін, Social Science Citation Index индекстелетін және (немесе) СiteScore бойынша Scopus базасында 50-ден (елу) кем емес процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу жариялануы керек.

-      ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық

басылымда кемінде 4 (төрт) мақала немесе шолу жариялануы керек;

-      Жарияланатын мақалалардың біреуі multidiscliplinary (көп салалы

немесе пәнаралық практикалық қолдану) санатында болсын.

-      кемінде 1 (бір) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша

доктор даярлануы (докторантура бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға лицензиясы бар ЖЖОКБҰ-мен бірлесіп даярлауға дол беріледі) керек.

-      ЖБССҚК ұсынған басылымда кемінде 2 (екі) мақала жариялай

отырып, кемінде 2 (екі) адам докторантурадан кейінгі даярлық бағдарламасын («Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ Заңының 37-бабына сәйкес) міндетті түрде аяқталуы тиіс деген талап қойып тастаған. 

Сонда әр жоба бойынша ҒЖБССҚК ұсынған журналға жалпы саны сегіз мақала,  Scopus-қа екі мақала жариялау талап етілген.

Ғылым осымен өлшене ме?

Қазақ тілінде шешілмеген мәселе көп. Тілде кенже дамыған психолингвистика, когнитивті лингвистика, нейролингвистика және тіл білімінің басқа да жаңа салаларынан бөлек, тіліміздің орфография, орфоэпия, пунктуациясына және лексика-грамматикасына қатысты шешілмеген, кезінде еуроөзек жолымен қате жүйеленген базалық мәселелер де жетерлік. Оның үстіне, бүгінгі күні тіл саясатына, мемлекеттік тілдің ахуалына оның қолданылу деңгейін көтеруге қатысты, яғни, тілдің қоғамдағы қызметін зерттеуге аса басымдық берілуі керек. Қазақ тілін зерттеуді, оқытуды, қолдануды жеңілдететін, практикалық нәтижесі айқын жобаларға басымдық берілуі керек қой! Мынау не боп кетті өзі?!

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


12/08/2026 17:15

Ашық хат
0 308 0














21/04/2026 10:30

Жыңғылды оқиғасы
0 264 0


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика