THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Bilim Innovations Group атынан 2026-2028 жж гранттық қаржыландыруға ұсынылған AP32318493 «Қате жазылған қазақ мәтіндерін бүгінгі орфографиялық және пунктуациялық нормаларға сай автоматты түрде түзетіп отыратын интеллектуалды IT редактор» жобасына жазылған
Авторы: Бижомарт ҚАПАЛБЕК
11/06/2026 18:48 0 6 0
Сараптама
жобаның жаңашылдығы, өзектілігі мен перспективалылығы, зерттеу жоспарының
сапасы және іске асырылуы, күтілетін
нәтижелер және олардың маңыздылығы, зерттеу
тобының құзыреттілігі мен ғылыми дайындамасы, жобаның пәнаралылығы критерийлері
негізінде жазылыпты.
САРАПШЫ (кім екен?) 1-критерийде ғылыми жобаның
гипотезалары мен идеясын жаңа, бүгінгі таңда өзекті деп бағалап, қазақ
тіліндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді автоматтты түрде тауып,
түзете алатын интеллектуалды IT редактор әзірлеудің қажеттілігі бар екендігін
айтады. Не деген сұңғыла САРАПШЫ деп қуанып
қалдық. Артынша өзіне-өзі қарсы келіп, «...
бүгінгі таңда орфографиялық қателіктерді көрсететін біршама бағдарламалар бар»,
«нақты орфографиялық дұрыс сөздік болмағандықтан ұсынылған IT бағдарламаның
өзекті және өміршең болары ғылыми тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да күмән
туғызады» деп, өзінің о баста айтқан пікірін жоққа шығарады.
Қателіктерді көрсететін біршама
бағдарламалар бар дейді, бірақ атап көрсетпейді. «Нақты орфографиялық дұрыс
сөздік болмағандықтан ұсынылған ІТ бағдарламаның өзекті және өміршең болар,
ғылыми тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да күмән туғызады», – дейді. САРАПШЫ (сіз
кімсіз Ка мырза (ханым) ІТ бағдарлама жасау дегенді осы уақытқа дейін қате
жасалып келген орфографиялық сөздіктердің электронды нұсқасы деп қана түсінетін
сияқты.
BIG ұсынған жобаның өтінімінде
зерттеудің мақсаты анық көрсетілген: Қазақ тілінің жазылу нормасын, емле
ережелерін автоматты түрде түсінетін, тексеретін және түзетіп отыратын
интеллектуалды ІТ редактор бағдарламасын әзірлеу арқылы қазақ мәтіндерінің
орфографиялық және пунктуациялық, стилистикалық дұрыстығын қамтамасыз ету.
САРАПШЫ өтінімде талданған
«Сөзтүзер» сөздігіне «Тіл бұзар» деп өзінше ат қойып алып: «Авторлар ұжымы
ұсынып отырған «Тіл бұзар» еңбегі тіл үйренушілерге арналмаған. Бұл негізінен,
қазақ тілін жақсы білетін журналистерге арналған», – деп түсініктеме береді,
алайда сөздік тек журналистерге арналмаған, сөздік аннотациясында
көрсетілгендей: «Сөздік журналистерге, филологтарға, қазақ тілінде дұрыс
сөйлеп, сауатты жазуды мақсат ететін көпшілік қауымға арналған».
Ұсынылған жобаға жасырын САРАПШЫ – үшеу.
Талдап отырғанымыз қазақ тілінде жазған САРАПШЫНІКІ. Ол өтінімде айтылғанды
дұрыс ұқпаған. Аты-жөні жасырын болғандықтан, сөзіне қарап практикалық қазақ
тілінен өзге аудиторияда сабақ беретін маман болса керек деп топшылаймыз. Бірді
айтып, бірге кетеді екен. САРАПШЫ зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы
дегенге «IT редакторды ғылыми жоба аясында жасаудың ғылыми негізі толық
ашылмаған. Авторлар дәйектеген ғылыми ақпараттар мен зерттеу нысаны оны
пайдаланатын оқушылар мен пайдаланушылардың жазба сауаттылығын едәуір арттыруға
мүмкіндік бере алмайды. Өйткені қазіргі күні қазақ тіл ғылымында орфографиялық
сөздіктердің өзі нормаларға сәйкестікті қамтамасыз ете алмайды. Пайдаланушының
жас ерекшелігі мен тілдік деңгейіне қарай бейімделетін интеллектуалды түзету
жүйесін жасау үшін, ең алдымен, жоба жасаушылар тіл үйретудің минимумын
анықтауы қажет еді. Бұл мәселе шешілмесе, жазу дағдыларын кезең-кезеңмен
дамытуға мүмкіндік беретін және қазақ тілін меңгерудің сапасын арттыратын IT
бағдарлама жасау мүмкіндігі шектеледі», – деп бір қорытындылайды. Бұл айтқанын
САРАПШЫ өзі түсінбесе, біз ештеңе ұқпадық.
Екінші, үшінші САРАПШЫЛАР ағылшын
тілінің мамандары болса керек, пікірлерін ағылшын тілінде беріпті. Зерттеу
жұмысына мынадай баға береді: «Зерттеу мақсаттары ұсыныста нақты көрсетілген. Бұл
жерде атап өтуге тұрарлық бірнеше негізгі артықшылық бар:
Біріншіден, зерттеу қазіргі заманғы
өмірдің ажырамас бөлігі болып саналатын жазу мәдениетіне, емле нормаларына және
тыныс белгілері сияқты жазба тілдің техникалық ерекшеліктеріне назар аударады.
Бұл тақырыптың өзектілігін және қоғам үшін маңыздылығын арттырады.
Екіншіден, зерттеу нәтижелерінің
ықтимал әсері өте кең ауқымды. Оның қорытындылары білім беру саласынан бастап
журналистикаға дейін және жазбаша мәтіндерді өндірумен немесе пайдаланумен
байланысты іс жүзіндегі барлық салаларға пайдалы болуы мүмкін. Сондықтан
жобаның ғылыми ғана емес, практикалық маңызы да жоғары деп бағаланады».
Ал біздің қазақ САРАПШЫ бар білімін
салып былай дейді: «Өтініш беруші жануарлар мен адамдарға қатысты
эксперименттік зерттеулерге қатысты этикалық мәселелер жобада қарастырылмайды.
Өтініш беруші тиісті нормаларды (қандай нормаларда, жануарларға қатыстысын ба?)
біршама сапалы (нормалардың
сапалысы/сапасызы бола ма?) сақтаған. САРАПШЫНЫҢ (қай сарапшының өзі емес пе
сарапшы?) зерттеулерге ұсынылатын әдістер мен тәсілдердің сапасы және олардың
мақсатқа, міндеттерге және күтілетін нәтижелерге сәйкестігі қазіргі бар
алгоритмдерді жетілдіруге мүмкіндік береді деуге келмейді».
Ғылыми жобаларды сараптау, қаржыландыруға
ұсыну жүйесі бізде жақсы жолға қойылған.
Бірақ бұнда әлі адам факторы баршылық, бір жобаға айтылған пікір осылай
түрлі-түрлі болып келеді. Бұл да дұрыс, ғылыми пікір қайшылықтары болуы заңды.
Бірақ ұйымдастырушы орган САРАПШЫНЫ да түрлі жолдармен Скопусқа жарияланған
мақалаларының санымен емес, логикаларының дұрыстығы мен әдеби тілде сөйлем
құрау деңгейіне қарап таңдағаны, қарастырғаны жөн-ау.

2)
3)
4)