THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Наурыздың 18-і күні «Maxima»-ның сыртындағы ақпарат (брендтер)
бойынша видео жариялаған едік (https://www.facebook.com/share/v/1GkdVMHu2L/). Ол 14.000 қаралым, 639 лайк, 98 пікір жинапты. Иә, тақырып
өте өзекті. Сырттағы көрнекі жарнамадағы келеңсіздіктерді Әкімдіктегі тілге
жауаптылар "Не шара" деп отыра бермей, мына заңдарға сүйеніп реттеуі
керек:
Қазақстан Республикасында жарнама тілін реттейтін негізгі
құқықтық құжаттар – «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» (1997 ж.) және
«Жарнама туралы» (2003 ж.) заңдар.
«Жарнама туралы» заңда (7-бап) жарнаманың тіліне қатысты
арнайы талаптар көрсетілген. Атап айтқанда Қазақстан аумағында таратылатын
барлық жарнама мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда басқа тілдерде де қатар
берілуі мүмкін. Бірақ қазақ тілі бірінші орында тұруы тиіс және көлемі, мазмұны
жағынан басқа тілдерден кем болмауы қажет. Бұл талап мемлекеттік тілдің
мәртебесін қамтамасыз етуге және оның қоғамдық өмірдегі қолданысын кеңейтуге
бағытталған.
ОСЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ҮШІН КЕЙІНГІ
КЕЗДЕ МЕМЛЕКЕТ БІРҚАТАР НАҚТЫ ҚАДАМДАР ЖАСАДЫ.
1.
Мемлекет басшысы 2024 жылы 6 сәуірде «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне бизнес мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Аталған заңмен «Тіл туралы» заңдағы тексеру жүргізуге қатысты Тіл
саясаты комитетінің және жергілікті атқарушы органның
құзыреті кеңейді, жаңа 25-6-баппен
мемлекеттік мекемелерді жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізудің
жаңа тәртібі енгізілді.
2. Мемлекет
басшысы 2025 жылы 13 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол
жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық
регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» заңға қол қойылды.
Аталған заңмен «Рұқсаттар және
хабарламалар туралы» ҚР Заңы жаңа баппен «63-бап. Маңдайшаны
орналастыру туралы хабарлама.»
толықытырылды, Сонымен қатар «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына маңдайшаға қатысты өзгерістер
енгізілді.
Ендігі кезде маңдайшаны орналастыруға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға сәйкес
маңдайшаларды орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда рұқсат берілетін
болды.
Егер маңдайшаларды республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық
маңызы бар қалаларда орналастыратын болса – онда республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарына;
Ал маңдайшаларды аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде
орналастыратын болса аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жіберілетін
болады.
Жергілікті атқарушы органдар бес күн ішінде ұсынылған материалдарға жазбаша
ескертулер беруге немесе келісуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар ескертулер берген жағдайда маңдайша ескертулер
жойылғаннан кейін ғана орналастырылады.
3. Мемлекет басшысы 2025 жылы 10 қаңтарда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойыды.
Аталған
заңмен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі жергілікті атқарушы органдардың құзыреті берілген
729-бап жаңа тармақпен толықтырылды. Бұдан былай әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға жергілікті атқарушы органның
тілдерді дамыту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық
бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары құқылы болды. Бұрын бұндай істерді
қарауға тек әкім немесе әкім орынбасарының ғана құқығы бар болатын.
Мемлекеттік тілді
қорлатып қоймай, осыған неге сүйенбей жүрміз?! Ау, жауаптылар!
ПІКІР АЛМАСУ
20/02/2026 10:32
«Түркі елдерінде мемлекеттік тілді оқыту жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел
|
ТЕКСТ

2)
3)
4)


