THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Мемлекеттік тілді дамыту
институтында 2026 жылдың 15 сәуір күні «Абай ұлттық мектебіндегі оқу
бағдарламасы мен негізгі орта білім беретін мектептегі оқу бағдарламасын салыстыра
талдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқу бағдарламаларының мазмұнын талдау арқылы олардың
тиімділігі мен өзектілігін анықтау, кемшіліктерін айқындау және білім беру
сапасын арттыруға нақты ұсыныстар беру.
Іс-шарада алдымен Мемлекеттік тілді дамыту институтының
ғылыми қызметкерлері сөйледі. Абай ұлттық мектебіне арналған қолданыстағы
бағдарлама мен «Qazaq national school programme» бағдарламасын салыстырып Динара
Мейрембекқызы «7-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы»,
Майра Туркбенбаева «7-9 сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу
бағдарламасы» тақырыптары бойынша талдаулар
жасады. Ал Мадина Исенбай «Негізгі білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына
арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы», Арайлым
Каленбекова «Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Ана тілі» оқу
пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын» талдады.
Динара Мейрамбекқызы мен Майра Туркбенбаева баяндамасында Абай ұлттық мектебі «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» пәндерін тереңдете оқытатын мектеп болса да, қолданыстағы бағдарламаға қарағанда «Qazaq national school programme» бағдарламасында екі пәнге бөлінген сағат саны азайғаны туралы баяндады. Арайлым Каленбекова баяндамасында оқу бағдарламасындағы «Әліппе» пәнін бірінші жартыжылдықта, ал «Ана тілін» екінші жартыжылдықта оқытудың дұрыс емес екендігін айтты. Себебі екі пәннің оқу мақсаты екі түрлі: Ана тілінің мақсаты – оқушының сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру, ал Әліппенің мақсаты – баланы оқу мен жазуға дағдыландыру. Осы тұста екі пәнді оқу жылының басынан бастап бөлек оқыту керек деген ұсыныс айтылды. Исенбай Мәдина «Негізгі білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінен» күзде қоғамдық талқыға ұсынылған бағдарлама мен соңғы қоғамдық талқыға ұсынылған бағдарламаны салыстырды.
Дөңгелек үстелді ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымының докторы, профессор Ерден Задаұлы Қажыбек пен Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымының кандидаты Бижомарт Қапалбек кезектесіп жүргізді. Институтқа келіп пікір білдірушілер қатарында Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры, педагогика ғылымының докторы Дәулетбекова Жанат; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филология ғылымының докторы Әбдиманұлы Өмірхан; Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Отарбекова Жәмилә; Сүлеймен Демирел университетінің оқытушысы, филология ғылымының кандидаты Бота Хасен; ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ақмарал Шатемірқызы; С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті, филология ғылымының кандидаты Зайсанбаев Төлеубек; А.Байтұрсынұлы музей-үйінің аға ғылыми қызметкері Әділет Ахмет; Абай ұлттық мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айтбаева Нұрай Айтбайқызы; А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Грамматика» кафедрасының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымының кандидаты Альфия Солтанбекова; А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері Талғат Рамазанов пен Қымбат Слямбеков; Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Асанбаева Сәуле болды. Олар оқу бағдарламасының ақсап тұрған тұстарын тілге тиек кетіп, бағдарламаны қайта-қайта жаңарта беру мұғалімдерге де қиын соғатынын айтып өтті. Жиынға қатысушылар өздерінің көптеген ұсыныстарын бөлісті. Сондай ұсыныстардың бірі – Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған қауымдастық құру. Себебі Қазақ тілі мен әдебиетіне оқулық жазумен сол істің нағыз мамандары айналыспаса, оқу бағдарламасы мен оқулықтарда кемшіліктер болады. Сол кемшіліктердің бірін Бота Хасен: «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерге арналған Қазақ тілі мен әдебиеті оқулығында оқушы деңгейі мен түсінуіне ауыр болатын шығармалар берілген. Сондай-ақ негізгі орта білім беру деңгейіндегі Қазақ әдебиеті оқу бағдарламасында оқытылатын шығармаларда тәлім-тәрбие беріп, рухани құндылыққа үйрететін шығармалар аз. Бағдарламаны жақсартуға арнайы мамандардың ұсыныстарын елеп-ескермеуі, қабылдамауы болып отыр», – деді. Отарбекова Жәмилә да: «Бағдарламада бір тақырып аты өзгеріп, мазмұны өзгермей 3-4 рет берілген. Бұл оқу бағдарламасында нақты бір жүйенің жоқ екенін көрсетеді», – деп, бағдарламаның тағы бір кем тұсын айтты. Дөңгелек үстелде Ақмарал Шатемірқызы бесінші сыныпқа дейін шет тілдерін алып тастап, қазақ тілін ғана оқытуды ұсынды.

2)
3)
4)