КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазіргі қолданыстағы жаңартылған білім беру бағдарламасына қатысты қоғамда пікірталас толастар емес. Әсіресе «Қазақ тілі» пәніне байланысты сын көбейіп келеді. Бағдарламаның мақсаты, мазмұны мен құрылымында бірқатар жүйелі кемшіліктер бар. Біздің айтпағымыз оқулық жайлы, 2-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығында (Атамұра, 2022 ж.). алғашқы беттерден бастап күрделі тілде берілген тапсырмалар мен анықтамаларды көруге болады. Мысалы:                                                             

                                                  Сурет 1. «Қазақ тілі» оқулығы (8-бет)
Жаттығудың шарты: «Бос торкөздерге олардың тұсындағы сөздің мағынасына қарама-қарсы сөздер тауып жаз» деп берілген.
Бір қарағанда дұрыс сияқты көрінгенімен, бұл сөйлем құрылымы бастауыш сынып оқушысы үшін күрделі. 2-сынып оқушысы үшін тапсырма мүмкіндігінше қысқа әрі нақты болуы қажет. Осы тапсырманы жеңіл әрі түсінікті түрде: «Бос торкөздерге берілген сөздердің қарама-қарсы мағынасын жаз» деп беру әлдеқайда ұтымды болар еді.    





                             Сурет 2. «Қазақ тілі» оқулығы (9-бет)

Оқулықта: «Тілімізде білдіретін мағынасы бір-біріне жақын, бірақ дыбысталуы әр басқа сөздер бар» деп түсіндірілген. Мұны «Мағынасы бірдей, бірақ айтылуы мен жазылуы әр түрлі сөздер синоним деп аталады» деп қысқа әрі нақты беруге болады.Дәл осы беттен тағы бір мысал келтіретін болсақ, 10-жаттығуда «Тақырыбы бойынша өлеңнің мазмұнын болжа» деген тапсырма берілген. 2-сынып оқушысы үшін бұл сөйлем түсініксіз. «Тақырыбы бойынша» деген сөз абстрактілі, ал «мазмұнын болжа» дегені күрделі ойлауды талап етеді, сондықтан бұл деңгейге ауырлау. Оның орнына тапсырманы қарапайым етіп «Өлең не туралы? Айтып бер» немесе «Өлеңнің мазмұнын қысқаша айт», «Тақырыпқа қарап, өлеңнің мазмұнын айтып көр» деп өзгертуге болады.

                                     

                                Сурет 3. «Қазақ тілі» оқулығы (9-бет)

Ата-аналар да бұл мәселеге қатысты әлеуметтік желілерде пікір білдіріп жүр. Мысалы, Threads әлеуметтік желісінде осыған ұқсас бірнеше сын-пікірлер кездеседі...

Қазіргі оқулықтардағы мұндай кемшіліктер мен жасанды тілмен жазылған мәтіндер тек әдістемелік қате емес, біртіндеп оқушының тілдік сауаттылығына кері әсер етеді. Бұл мәселелер туралы қоғамда, мамандар арасында бірнеше рет айтылып, түрлі ұсыныстар да беріліп келеді, алайда нақты өзгеріс байқалмайды. Бұл жағдай оқулық авторларының тілімізге деген жауапкершілігінің әлсіздігін көрсетеді.Оқулық тілінің нашарлығына қатысты жауапкершілік алдымен автордың, содан кейін оны құраған редактордың, айналып келгенде, басшының абыройы болып табылады.  


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз






21/04/2026 10:30

Жыңғылды оқиғасы
0 173 0







16/03/2026 11:38

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
0 1406 0

16/03/2026 11:25

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
0 1300 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика