THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Тараз қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиада өтті
Авторы: MTDI
09/04/2026 11:06 0 136 0
Тараз қаласында 2026 жылдың 3-7
сәуір аралығында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде
оқытатын мектептердегі қазақ тілі және Қазақстан тарихы
пәні бойынша 10-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтті.
Олимпиадаға Мемлекеттік тілді дамыту институтының 3 қызметкері қатысты. Олар қазылар алқасының
құрамында болып, оқушылардың жұмыстарын бағалады. Институттың
атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты
Бижомарт Қапалбек қазылар алқасының төрағасы, институттың ғылыми қызметкерлері Майра Туркбенбаева, Мәдина Исенбай қазылар алқасының мүшесі болды. Жалпы қазақ тілі мен әдебиетінен
қазылар саны – алтау: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
профессоры, фиология ғылымдарының докторы Жантас Жақып, Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің магистрі, аға оқытушы Шохан Шортанбай, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің PhD докторы Жаңагүл Саметова
төрелік етті.
Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен топ жарып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар кіл мықтылар білім бәйгесінде бақ сынады. Екі сынып бойынша 89 оқушы қатысты, 10 сынып бойынша 45 оқушы, 11 сынып бойынша 44 оқушы.
Мектеп бағдарламасында оқытылатын
білім мазмұнына сай тапсырмалар құрастырылды, оқушылардың білімі мен дағдысы екі кезең бойынша сынақтан өтті. Бірінші кезеңде шығармашылық қабілеті – мәтін жазу машығы
тексерілді. Олар мектеп бағдарламасы бойынша үш міндетті және бір еркін тақырыпта эссе жазды. Жұмыстар мына критерийлер
бойынша бағаланды: тақырыпқа сәйкестік, мағыналық біртұтастық, ойдың байланысы
мен жүйелілігі; мәселені дәлелді шешу және өзіндік тұжырымдар; тезистердің
негізділігі, әртүрлі көзқарастар, дәйексөздер, сандық деректер мен ғылыми
мәліметтерді қолдану, дереккөздердің дұрыс рәсімделуі; әдеби тіл мен стиль
нормасы; лексика, фразеология, грамматика, орфография және пунктуация
ережелерінің сақталуы.
Бірінші кезең қорытындысы бойынша
оқушыларда жиі кездескен кемшілік – тақырып арқауын берік ұстамау, әдеби
талдауды әсіре сөзбен бірдей деп санау. Оқушыларға эссе жазу кезінде тұтас
мәтін құрастыру дағдысын жетілдіру мақсатында көркем әдеби шығармаларды, дәйекті
тұжырымдарды келтіру үшін мектеп бағдарламасынан тыс ғылыми еңбектерді де оқу
қажет.
Екінші кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша
білім тексерілді. Әдебиеттен бағдарламалық мәтінтану және әдебиет теориясына
қатысты сұрақтар берілді. Қазақ тілінен оқу сауаттылығы – мәтінмен жұмыс,
тілдік талдаулар (фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік), сонымен қатар оқушылар мектеп бағдарламасына сай тақырыптар
бойынша ауызша мәтін құрастыру деңгейі бағаланды.
Екінші кезең бойынша оқушылардың
деңгейі жаман емес, десе де мектеп бағдарламасын толық оқып, қазақ тіліндегі
талдаулар бойынша көп талдау жасап дағдылануы керек.

2)
3)
4)