КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2026 жылғы 29 сәуір күні Мемлекеттік тілді дамыту институтында «Қазақ контентін дамыту: ғылыми негізі, білім жүйесі, креатив және насихат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Аталған іс-шарада цифрлық ресурстарда қазақтілді контентті көбейтудің жолдары талқыланды. Оған жасанды...

«Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға өз тарапынан үлес қосу үшін құрылған. Негізгі қызметі :

– Орыс және өзге тілдерден қазақ тіліне, қазақ тілінен өзге тілдерге аудармалар жасау. Түрлі мәтіндердің қазақ тілінің нормасына сай құрылғандығын тексеру, редакциялау, корректуралық тексерулерден өткізу, лингвистикалық кеңестер...





ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ БАЗАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Еліміз егемен болғанымен, емлеміз тәуелсіз болмай тұр. Қазіргі қазақ емлесі тілдің табиғатын бұзған, бөтен таңбаларға толған, 42 әріптен тұратын әліпбиге негізделіп жасалған еді. Әлі күнге дейін сол әліпбиді қолданып келеміз. Негізгі тілдің табиғатында...


Қазіргі қолданыстағы жаңартылған білім беру бағдарламасына қатысты қоғамда пікірталас толастар емес. Әсіресе «Қазақ тілі» пәніне байланысты сын көбейіп келеді. Бағдарламаның мақсаты, мазмұны мен құрылымында бірқатар жүйелі кемшіліктер бар. Біздің айтпағымыз оқулық жайлы, 2-сыныпқа арналған...




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕ










  Сұхбаттасқан: Мейрамбекқызы Динара Қазіргі қазақ қоғамында тіл мәселесі – тек лингвистикалық қана емес, ұлттық сана мен мемлекеттілікке тікелей қатысты стратегиялық мәселе. Әсіресе терминология, латын әліпбиіне көшу, тіл мәдениеті және ғылыми стиль қалыптастыру сынды бағыттарда нақты ғылыми...



Ақпан әліпбиінің басты кемшілігі

Әліпбидің көпшілік талқысына ұсынылуы адамдардың өз пікірін айтуына қозғау салып, соңғы 2018 жылғы ақпан нұсқасының алдыңғыларға қарағанда жақсырақ болып шығуына жеткізді. Алайда әліпбидің бұл нұсқасы да мінсіз емес. Солардың бірнешеуін атап өтейік. 1. Ақпан әліпбиінің басты кемшілігі – онда қолданылатын диакритикалық таңбалар қолмен жазғанда қиындық келтіреді, жазу жылдамдығын азайтады және мәтіннің көркін бұзады. Мысалы, бұл әліпбимен өңіңіз, уәж, өң, куәға деген сөздерді жазатын болсақ, óńińiz, úýáj, óń, kúýáǵa түрінде жазылып, сөздің үсті жыпырлаған ноқатқа толып кетеді. 2. И мен і дыбыстарының бас әріптері бірдей (I). Соған байланысты кейбір сөздер екі түрлі оқылады. Мысалы, Ile сөзі Иле не Іле деп оқылады. 3. Ұ, і дыбыстарының латынның u, i әріптерімен белгіленуі тиімді емес. Өйткені u, i әріптері формулалар мен халықаралық атауларда у, и деп оқылатындықтан, бұлардың екі түрлі оқылуы орын алады. Мысалы, uran – ұран, уран; bit – біт, бит; тағы сол сияқты. Бұл арада 1929 жылғы әліпбиде де осылай қолданылған ғой деушілер табылар. Бірақ ол кезде шетелдермен аралас көп болмағандықтан u, i әріптерін ұ, і деп оқу қиыншылық туғызған жоқ. Ал бүгінгі күнде бұл әріптер басқаны былай қойғанда күнделікті тұтыну тауарларының әрқайсысында дерлік кездеседі және у, и деп оқылады. 4. Ш дыбысының sh түрінде қосар таңбамен белгіленуі де сөзді екі түрлі оқуға соқтырады және сөзді ұзартады. Мысалы, Ishan сөзі Ишан, Исхан деп екі түрлі оқылса, 3 дыбыстан тұратын шаш сөзі shash деп 5 әріппен жазылады. Олай болса, әліпбидің ақпан нұсқасын ұсынылған күйінде қолдану қиыншылық туғызады. Зерттеуші Қуантқан Ванов

   05/11/2018 15:18

11/09/2023 17:09
0 12282 1

"Қара" және "көр" етістіктерінің айырмашылықтары

Байсалбай Гүлсезім





БІЗДІҢ ӘРІПТЕСТЕР



БІЗБЕН БАЙЛАНЫСУ

   Нөміріңізді қалдырыңыз

Біз өзіміз хабарласамыз



050010/A26C7X, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 78

+7 (727) 293–88–94

+7 (727) 293–88–75

Дс - Жм, 9:00-18:00

info@mtdi.kz

www.mtdi.kz

Яндекс.Метрика