КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғалымдары Бижомарт Қапалбек пен Аман Абасилов «Посткеңестік елдердегі лингвистикалық тәуелсіздік және ондағы тілдік отарсыздандыру тәжірибелерін Қазақстанның тіл саясатына қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты гранттық жобаның зерттеу тобы мүшелері ретінде Қырғызстан мен Өзбекстанға ғылыми іссапармен барып, тіл саясаты саласындағы тәжірибелермен танысып қайтты

Іссапардың негізгі мақсаты – посткеңестік мемлекеттердегі тілдік саясаттың қазіргі бағыттарын зерделеу, тәжірибе алмасу және ғылыми-әріптестік байланыстар орнату.

Жоба аясындағы алғашқы жұмыс кездесуі 2026 жылғы 21 мамыр күні Бішкек қаласындағы Қырғыз Республикасының Президентіне қарасты Мемлекеттік тіл және тіл саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясында өтті



Белгілі түрколог, ономаст-ғалым, профессор Қадырәлі Қоңқобаев зерттеу тобы мүшелерін Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Қанатбек Сейдалиев бастаған комиссия өкілдерімен таныстырды. Комиссия құрамында түркология, терминология, социолингвистика салалары бойынша белгілі ғалымдар, қырғыз тілінің ұлттық корпусын әзірлеушілер және тіл дамытудың әртүрлі бағыттары бойынша бөлім басшылары бар екен.

Сапар алдында зерттеу тобы комиссия басшылығына тәжірибе алмасу мақсатында сегіз бөлімнен тұратын арнайы бағдарламасын ұсынған болатын. Кездесу барысында комиссия төрағасының орынбасары Қанатбек Сейдалиев осы бағдарлама негізінде тиісті бағыттар бойынша мамандарға сөз беріп отырды.

Кездесу барысында Бижомарт Қапалбек екі ел арасындағы ғылыми тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталып, тіл саясатын отарсыздану бағытында жүргізудегі тиімді тәжірибелерді бірлесе зерттеу қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге осы бағыттағы ғылыми еңбектер мен зерттеу нәтижелерімен тұрақты түрде алмасып отырудың тиімділігін айтты.

Аман Абасилов посткеңестік елдердегі тілдік отарсыздану үдерісінің қазіргі жағдайына тоқталып, әртүрлі мемлекеттердің тіл саясатында жүзеге асырылып жатқан тәжірибелерді, ортақ мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстандағы тілдік ахуал мен тіл саясатының әлеуметтік-лингвистикалық зерттелу бағыттары туралы айтып, қырғыз ғалымдарымен ғылыми байланыстарды күшейту қажеттігін жеткізді.

Кездесу барысында сөз алған Дайырбек Кенжебаев қырғыз терминологиясы саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Ал Тіл білімі институтының социолингвистика бөлімінің басшысы Зарлыхан Алымбаева бұқаралық ақпарат құралдарындағы, көрнекі ақпараттар мен жарнамалардағы тіл қолданысына әлеуметтік-лингвистикалық кешенді зерттеулер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар «АлаТОО» университетінің профессоры Закиров Алимжан Қырғызстандағы қырғыз тілін дамыту мен меңгертуге бағытталған әлеуметтік-лингвистикалық зерттеулердің нәтижелері мемлекет деңгейінде қолдау тапқанын айтты. Осыған байланысты қазіргі уақытта ҚырғызТест жүйесінің барлық деңгейлері бойынша лексикалық минимумдарды әзірлеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқаны айтылды.

Кездесу барысында қырғыз тілінің ұлттық корпусын әзірлеу жұмыстары туралы да ақпарат берілді. Қазіргі таңда жобаның екі-үш деңгейі аяқталуға жақын екені мәлім болды.

Кездесу соңында тараптар тәжірибе алмасу мен ғылыми байланыстарды одан әрі дамыту жөнінде келісімге келді.

Жоба аясындағы келесі жұмыс сапары Өзбекстан Республикасында жалғасты. Ғалымдар 23 мамыр күні Ташкент қаласына барып, Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік тіл департаментінің басшысы Азимов Иномжан мырзамен кездесті.

Кездесу барысында департаменттің құрылымы мен жұмыс бағыттары таныстырылып, «Посткеңестік елдердегі тілдік отарсыздану идеясы» жобасының мақсаты баяндалды. Тараптар болашақта ғылыми әріптестік орнатып, тәжірибе алмасу бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Сапардың келесі күні зерттеу тобы Низами атындағы Өзбек тілі және әдебиеті мемлекеттік университетінде болып, оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті. Кездесу аясында ғылыми байланыстар орнатылып, бірлескен зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ университет профессоры, тарихи тіл білімі, диалектология, ареалдық лингвистика және оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми еңбектердің авторы Самихан Әбдразақовтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияға қатысу мүмкіндігі туды.





Конференция барысында Өзбекстанның әртүрлі өңірлерінен келген ғалымдармен жаңа ғылыми байланыстар орнатылды. Әсіресе Қарақалпақстан Республикасының мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Абдиназимов Шамшетдиинмен кездесу нәтижесінде Қарақалпақстандағы тіл саясаты, мемлекеттік құрылымдардың қызметі және қарақалпақ тілін дамыту бағытындағы зерттеулермен танысу бойынша әріптестік байланыстар орнатуға уағдаластық жасалды.

Аталған іссапар посткеңестік елдердегі тілдік отарсыздану үдерістерін салыстырмалы түрде зерттеуге, тәжірибе алмасуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға негіз болады деген сенімдеміз.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз










21/04/2026 10:30

Жыңғылды оқиғасы
0 202 0








26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 286804 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 273101 0


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 256496 0









19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 157862 7

05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 154421 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика