КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


 

2025 жылдың 4 қараша күні Мемлекеттік Тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті гранттық негізде қаржыландыратын «Посткеңестік елдердегі лингвистикалық тәуелсіздік және ондағы тілдік отарсыздандыру тәжірибелерін Қазақстанның тіл саясатына қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері» ғылыми жобасына қатысты ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Конференция жұмысына жобаның жетекшісі, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, PhD, аға оқытушысы Ескермесова Гүлнар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, қауымдастырылған профессор м.а. Абасилов Аман, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры м.а. Асанбаева Сауле, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің докторанты Қамбарова Бекзат, гуманитарлық ғылымдардың  магистрі Төлеужанова Жансая және Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкерлері қатысты. Іс-шара офлайн және Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатар ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – посткеңестік кеңістіктегі тіл саясатының қазіргі бағыттары, лингвистикалық тәуелсіздік пен тілдік отарсыздану мәселелерінің ғылыми және әдістемелік негіздері жан-жақты талқылау.

Жобаның жетекшісі Ескермесова Гүлнар баяндамасында зерттеу тақырыбының өзектілігіне тоқталып, тілдік тәуелсіздікті қамтамасыз етуде ғылыми әдістемелік тәсілдерді қалыптастырудың маңызын атап өтті. Абасилов Аман посткеңестік елдердегі тілдік реформалардың нәтижелерін салыстыра талдап, Қазақстан үшін тиімді бейімдеу механизмдерін ұсынды. Асанбаева Сауле өз сөзінде тіл саясатының мәдени және идеологиялық негіздерін қарастырып, ұлттық сана мен тіл бірлігінің өзара байланысын ашып көрсетті. Қамбарова Бекзат пен Төлеужанова Жансая заманауи лингвистикалық зерттеулердегі әдістемелік бағыттарға тоқталып, жастар арасында мемлекеттік тілдің коммуникативтік әлеуетін арттыру жолдарын ұсынды.

Талқылау барысында қатысушылар лингвистикалық тәуелсіздікті нығайтуда институционалдық және білім беру тетіктерін күшейту, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі мәртебесін арттыру, сондай-ақ ақпараттық және цифрлық кеңістікте қазақ тілінің функционалды әлеуетін кеңейту қажеттігін атап өтті.

Жалпы алғанда, конференция нәтижесінде зерттеу бағытының ғылыми өзектілігі мен практикалық маңызы айқындалды. Қатысушылар бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру, бірлескен ғылыми жобалар мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жөнінде ортақ пікірге келді.

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз










21/04/2026 10:30

Жыңғылды оқиғасы
0 202 0

















500 Internal Server Error

Internal Server Error

The server encountered an internal error or misconfiguration and was unable to complete your request.

Please contact the server administrator at root@localhost to inform them of the time this error occurred, and the actions you performed just before this error.

More information about this error may be available in the server error log.