КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2026 жылғы 29 сәуір күні Мемлекеттік тілді дамыту институтында «Қазақ контентін дамыту: ғылыми негізі, білім жүйесі, креатив және насихат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шарада цифрлық ресурстарда қазақтілді контентті көбейтудің жолдары талқыланды. Оған жасанды интеллект саласының мамандары, суретшілер және видео-контент жасаушылар қатысты.

Жиында Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Қапалбек қазіргі қазақтілді контенттің жеткіліксіз екенін, ал бар контенттің сапасы талапқа толық сай келмейтінін атап өтті. Сонымен қатар ол бір кейіпкердің бірнеше нұсқада бейнеленуі жүйесіздікке әкелетінін айтып, әр кейіпкерді біріздендіріп, «паспорттау» қажеттігіне назар аударды. Баяндамашы қазіргі таңда жасанды интеллекттің қарқынды дамып келе жатқанын ескере отырып, оны қазақтілді сапалы контент қалыптастыруда тиімді пайдалану маңызды екенін жеткізді.

Фольклортанушы, филология ғылымдарының кандидаты Жұмашай Рақыш жасанды интеллекттің ұлттық мұрамен байланысы, оның ішінде фольклорлық материалдарды сақтау мен жаңғыртудағы мүмкіндіктері туралы өз пікірін білдірді. Сондай-ақ педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жарқынбике Сүлейменова педагогикалық тұрғыдан қазақтілді контенттің білім беру жүйесіндегі маңызына тоқталып, оның оқыту үдерісіндегі тиімділігін арттыру жолдарын баяндады.



Жиын барысында осы салада жұмыс істеп жүрген мамандар қазақтілді контентті дамытуға мүмкіндік бар екенін айтты. Qazaqsoft компаниясының бас директоры Ерболат Мамен өзінің кәсіби жұмыстарымен қоса, әлеуметтік бағыттағы жобаларды да жүзеге асырып жатқанын жеткізді. Соның бірі – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына арналған ImamAI зияткерлік платформасы. Аталған жоба еліміздегі дәстүрлі мазһаб пен діни ұстанымдарға негізделіп әзірленген және тексерілген дереккөздер арқылы жамағатқа, жалпы көпшілікке автоматтандырылған форма кеңес береді. Ерболат Мамен осындай технологиялық шешімдерді қазақтілді контентті дамыту бағытында да кеңінен қолдануға болатынын, ал отандық командалардың қазақтілді контент жасауға қажетті білімі мен әлеуеті жеткілікті екендігін жеткізді.

Алайда кейбір мамандар қаржылық қолдаудың аздығы белгілі бір қиындықтар туындатып отырғанын мәлімдеді. Қатысушылар мұндай бастамаларды жүзеге асыруда демеушілік қолдаудың маңызды екенін айтты.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті және қазақтілді контентті дамыту бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажеттігіне қызығушылық білдірді.

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз






21/04/2026 10:30

Жыңғылды оқиғасы
0 173 0







16/03/2026 11:38

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
0 1406 0

16/03/2026 11:25

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
0 1300 0







05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 7494 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 7327 1





14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 6883 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика