КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2026 жылғы 8 сәуірде Мемлекеттік тілді дамыту институтында «Фольклорлық кейіпкерлерді қоғамға насихаттаудың маңызы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.   Кейіпкерлерді паспорттауға және насихаттауға бағытталған бұл шараның мақсаты – аңыз кейіпкерлері мен балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің тәрбиелік, танымдық және мәдени маңызын насихаттау, олардың бейнесін заманауи форматта таныту жолдарын талқылау, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңірудегі рөлін айқындау және суретшілер мен фольклортанушылар, этнографтар арасындағы байланысты қалыптастыруға бағытталды.

Шараға Алматы қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілері, тіл мамандары, әдебиеттанушылар, ғалымдар, оқытушылар, мәдениет және білім саласының өкілдері шақырылды. Қатысушылар ұлттық кейіпкерлерді бүгінгі қоғамда дәріптеудің тиімді жолдары, олардың балалардың дүниетанымы мен тұлғалық қалыптасуына әсері, сондай-ақ аңыз-ертегілердегі образдарды жаңа медиа құралдары арқылы кеңінен таныту мәселелері төңірегінде пікір алмасты.



Кездесу барысында қазақ халық ертегілері мен аңыздарындағы кейіпкерлердің көркемдік сипаты, олардың ұлттық дүниетанымды қалыптастырудағы орны және тәрбиелік қызметі жан-жақты сөз болды. Мамандар ұлттық кейіпкерлерді мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға жүйелі түрде таныстырудың маңызын атап өтіп, олардың бойында отансүйгіштік, адамгершілік, әділдік, еңбексүйгіштік сияқты құндылықтарды қалыптастырудағы әлеуетіне тоқталды.

Іс-шара аясында Мемлекеттік тілді дамыту институты әзірлеген «Хайуанаттар туралы ертегілер» атты комикстің таныстырылымы өтті. Ертегілер жинағына қазақ халық ертегілерінің желісі негізінде дайындалған балаларға арналған көркем безендірілген туындылар енгізілген. Басылымның басты мақсаты – балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ұлттық мұраны заманауи форматта ұсыну және ертегі кейіпкерлері арқылы жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейту. Аңыз кейіпкерлерін визуалдау мәселесі осы салаға қатысты жетекші ғалымдардың, мамандардың ашық талқысынан өтті, ақпарат құралдары арқылы көпшілікке таныстырылды. Кейіпкерлердің бейнесі біріздендіріліп, халық санасындағы айқын түрі пайда болды, ол елдің жадында тұрақтануына әсер етеді. Аңыз кейіпкерлерінің портреті мен паспорты баспадан шығарылып, балалар әлеміне қатысты барлық мекемелерге таратылды.



Дөңгелек үстел қорытындысында ұлттық кейіпкерлерді ғылыми тұрғыдан зерттеу, олардың визуалды бейнесін қалыптастыру, балалар мен жастар арасында кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Қатысушылар мұндай кездесулердің ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге, қазақ тіліндегі балалар контентін дамытуға және ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіруге ықпал ететінін ерекше атап өтті.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз










21/04/2026 10:30

Жыңғылды оқиғасы
0 202 0








26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 286804 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 273101 0


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 256496 0









19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 157862 7

05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 154421 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика